Балаға орын алу үшін алдымен egov.kz порталында «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін кезекке қою» қызметі арқылы кезекке тұрасыз. Жолдама келгеннен кейін балабақшаға келесі құжаттармен келіңіз:
- балабақшаға жолдама (берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарамды);
- ата-ананың немесе заңды өкілдің жеке куәлігі;
- баланың туу туралы куәлігі;
- баланың денсаулық паспорты;
- баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін — психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
Бұл тізім толық: балабақша басқа құжат талап етпейді. Бала жыл бойы қабылданады.
Бос орын бар-жоғын білу үшін сайттағы «Орын туралы өтінім» формасын толтырыңыз немесе бізге қоңырау шалыңыз.